ТурСтат туристік порталы күзде демалуға және саяхаттауға қолайлы ТМД елдерінің үздік қалалар рейтингін ұсынды.
Ресейлік туристердің күзде саяхаттауы үшін ТМД елдерінде Минск, Нұр-Сұлтан және Ереван көш бастап тұр.
ТМД қалаларының туристер арасындағы алғашқы ондығына Беларусьтегі Минск, Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Армениядағы Ереван, Қазақстандағы Алматы, Әзербайжандағы Баку, Өзбекстандағы Ташкент, Молдовадағы Кишинев, Қырғызстандағы Бішкек, Тәжікстандағы Душанбе және Түркменстандағы Ашхабад кіреді.
ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристер қалаларға күзде саяхат жасауға және тамақтануға күніне 40-100 доллар аралығында қаражат жұмсайды, демалыс күндері Минск пен Ереванға, шопинг үшін Нұр-Сұлтан мен Бакуге барады.