Бүгін, 7 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ВДНХ аумағында орналасқан «Қазақстан» павильонін көріп қайтты. Мәскеудегі Қала күніне тұспа-тұс келген бұл күнде, «Дружба народов» алаңында ел басшыларына арнап, қазақстандық сахна майталмандары өнер көрсетті.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова және халықаралық байқаулардың лауреаты Сержан Мусин, Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театрының хор және балет труппаларының сүйемелдеуімен «Ел салтанаты» атты вокалды-хореографиялық композияны ұсынды.
Бұл көркем қойылым қазақ халқының ұлан тарихын барлық әлемге түсінікті музыка тілінде суреттейді. Концерт соңында Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин павильон алдында жайғасқан қазақстандық көрме-жәрмеңкені тамашалады. Еліміздің 13 аймағынан әкелінген экологиялық таза және табиғи өнімдер жиналған қауым көз жауын ала берді, оның ішінде ұлттық тағамдар, ерекше фермерлық деликатестер, көкөніс-жидектер, бал және жеміс тоспасы.
Павильон ішіндегі экскурсия барысында меймандар тарихи экспозициялармен, оның ішінде қазақ елінің ерте ғасыр тарихы мен қазіргі заманғы мәдениеті, экономикасы және саяси дамуының толық көрінісін беретін Қазақстан Республикасының Ұлттық музей фондының көрмесімен танысты. Павильон ашылуына орай тізілген жәдігерлер арасында ерекше көзге түсетіні: Сармат жауынгерінің қайта қалпына келтірілген мүсіні
ВДНХ-дағы «Қазақстан» павильоны 2017-2019 жылдары күрделі жөндеуден өтіп, бұрынғы Каз ССР павильонының орнында қайта қалпына келтірілді.
Ғимараттың сыртқы және ішкі келбеті архивте қалған фотосуреттер мен құжаттарға сүйене отырып құрылды. Мәселен, бұрын түбімен жойылған Жамбыл ақын мен Соц.еңбек қаһарманы Шығанақ Берсиевтің мүсіндері тарихи орнына жайғасты. Оған қоса, сақталған суреттер мен үзінді сызбалар арқасында ғимараттың ішкі келбеті, шамдары және колонналары кері құрастырылды.