Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында ҚР мен РФ-тің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
А.Мамин мен А.Бородавкин Астанада биыл мамыр айында ЕАЭО мерейтойлық саммитін, күзде Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу жоспарларын қарады. Бұдан өзге, “Байқоңыр” кешені бойынша өзара іс-қимылдың бірлескен әдіс-тәсілдері, соның ішінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту, “Бәйтерек” жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
А.Мамин Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығы еліміздің сыртқы сауда қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Инвестициялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі сақталған, белгіленген міндеттерді табысты іске асырудың қажетті әлеуеті бар.