2024 жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Республикалық Референдум биылғы өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №397 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 “А” үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Мәскеудегі учаскеде дауыс беруді жоспарлапотырған сайлау процесін ұйымдастырудыжеңілдету үшін электрондық поштағаreferendum.moscow@mfa.kz келесі мәліметтер жіберу туралы өтініш: Тегі Аты Әкесінің аты, туған күні, ЖСН, РФ тұрғылықты мекенжайы, байланыс нөмірі, электрондық пошта.
Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
№422 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Рылеев көшесі, 10-үй, сайт
№433 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайт
№423 сайлау учаскесі – Астрахань қаласы, 1-ші Аршанская к-сі, 17 үй, сайт
№424 сайлау учаскесі – Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй, сайт