Бес ресейлік қаладағы дипломатиялық өкілдіктер жанындағы сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы сайлауында дауыс бер аяқталды.
Дауыс беру тыныш тәртіпте өтіп, ешқандай бұзақылық оқиғалар тіркелмеді.
Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы учаскеде сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанысоншалықты, тіпті 20:00-де ресми жабылудан соң адамдар келуін тоқтатпады. Жалпы Мәскеуде 1477 адам дауыс берді.
Басқа ресейлік қалалардағы ҚР бас консулдықтары мен консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің саны келесідей: Санкт-Петербург – 862, Омбы – 363, Астрахан – 209, Қазан – 104.
Сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санау рәсіміне кірісті, содан соң дауыс берудің қорытындылары жарияланатын болады.