Тарихи отанындағы сайлауға Ресейде ұзақ уақыттан бері тұратын және табысты еңбек атқарып жүрген отандастарымыз да қызығушылық танытты.
Ресей Ғылым академиясы Ресейлік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова Қазақстандағы сайлау кампаниясын қызық, оқиғаға толы және елде де, шетелде де зор қоғамдық ықылас тудырып отыр деп санайды.
“Кез келген сайлау – өткен кезеңді қорытындылау мен елдің болашақ дамуы үшін есептеу нүктесі. Осы жолғы сайлаутарихи сипатқа ие. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның көшбасшысыНұрсұлтан Назарбаев болды. Бүгін республикада және шетелде адамдар салыстырмалы жас елде биліктің транзиті үрдісі қалай өтетінін мұқият бақылап отыр”.