Уфа, 2025 жылғы 20 ақпан – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының, сандық технологиялар басқармасының және облыс әкімдігінің ведомстволық бағынысты құрылымдарының басшыларынан құралған делегация Башқұртстан Республикасын басқару орталығында болды.
Сапардың мақсаты – тәжірибе мен кеңес алмасу. Орман өрттерін ерте анықтауға және цифрландырылған алаңдары мен фотоесеп жүйесі бар ГИС ТКО Башқұртстан 2.0 – ға (қатты коммуналдық қалдықтарды есепке алудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі) қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, Башқұртстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар және конгрестік қызмет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Уфадағы Құрметті консулы Семен Пилюгиннің қолдауымен БР Мемлекеттік басқарудың сандық даму министрі Геннадий Разумкинмен кездесулер ұйымдастырылды, Башқұртстан Республикасының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығында, ІТ кәсіпорындарына – «LeVel Group», «Ростелеком» ЖАҚ, БР Ұлттық музейіне, құрметті консулдың қабылдау бөлмесіне барды.