Жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлінген. Бүгінде “Асфальт” ЖШС мердігер компаниясы 408-448 км және 448-490 км учаскесінде жол жабындысындағы шұңқырларды жабу жұмыстарын бастады.
Ал, 330-408 шақырымындағы учаскеде мердігер компания «Бекет Сат Жол» ЖШС жолдағы шұңқырларды толық жауып, тегістеуші жабынды қабатын төсеу жұмыстарын атқаруда.
2019 жылы жоспар бойынша “Самара-Шымкент” автожолының 40 мың шаршы метр жол жиегі нығайтылып, 2 жылдамдық өлшеуіш құралы, 2 автопавильон орнатылады.