2019 жылғы 8-12 шілдеде Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен демаркациялық комиссиясының 96-шы отырысы өтті.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітіп, сондай-ақ далалық демаркациялық және камералдық жұмыстар жөнінде бірқатар мәселелерді келістірді.
Келіссөздер екі мемлекеттің қарым-қатынасы үшін дәстүрлі достық әрі сындарлы атмосферада өтті.
Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың тамызында Қазақстан Республикасында өтеді.