Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде өтіп жатқан президенттік сайлауда дауыс беру барысы туралы өз әсерімен тәуелсіз бақылаушы МФТИ 4-курс студенті Ілияс Мыңжасаров бөлісті.
“Мен учаскеде таңнан бері отырмын, – деп бастады ол. – Шынымды айтсам, қалыптасқан достық және жағымды атмосферамен таң қалып және қуанып отырмын. Ешқандай бұрмалау немесе бұзушылықтарды байқаған жоқпын. Бәрі ашық”.
Байқаушы келушілер саңының молдығына назар аударды: бүкіл отбасылары және балаларымен келіп, адамдар ағынының бәскеңдейтін түрі жоқ.
Оның пікірінше, сайлаушылардың жоғары белсенділігі алғаш рет сайлауға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатыспауымен байланысты. “Бәсеке бар, ал бұл ең алдымен өзгерістерді қажет ететін жастарға қызық”, – деп қорытындылады Ілияс Мыңжасаров.