Қазан, 27 тамыз 2024 жылғы – Қазақстанның Конституциясы күніне орай және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстан.Көзқарас» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы рәсімі Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті.
Кездесуді ашып, Қазақстан Республикасының Бас консулы Ерлан Ысқақов өткізіліп жатқан Қазақстан жәйлі фотокөрменің екі халықтың көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бірігей оң үлес қосатынын және халықаралық ынтымақтастық саласындағы маңызды қадамы болатынын тұжырымдады. Сондай-ақ қазақстандық дипломат Қазақстанның демократиялық даму жолындағы, еліміздің қалыптасуының негізгі қадамдарын атап өтті. Экспозиция келушілерді, Қазақстан мемлекетінің әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесін, мәдениетін, еліміздің көркем табиғатын және заманауи сәулет өнерімен таныстырады.
Қоғамның шынайы қызушылығын туындырған Қазақстанның бірегей және көп қырлы туристік потенциалы, алдағы осы жылдың 8-13 қыркүйек аралағында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне кіреді.
Өзінің құттықтау сөзінде Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Дамир Натфуллин осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдіріп, бір ай аралығында фотокөрме қалың жұртшылыққа Қазақстанның көптеген өнер туындыларымен және оның жетістіктерімен танысуға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті. Өз кезегінде, Татарстан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында республика басшылығының жоғары деңгейдегі делегациясымен, өзінің әсерлі мықты спорт командасымен, Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән және би ансамблінің тобы, жергілікті БАҚ арқылы және «Ұлы дала жорығы» халықаралық бәйге марафонына қатысуы көрсетіледі.
Сол күні татар тіліндегі «Қазақ халық ертегілері» жинағының тұсауы кесіліп, Татарстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапхана қорына тапсырылды. Сонымен қатар, қазақтың музыкалық шығармалары орындалып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, композитор, «Алпар» этно тобының жетекшісі Алмаз Асхадуллиннің қатысуымен «Қазақ этномузыкасы» шеберлік сабағы өтті.
Көрмені Қазанда тіркелген шетелдік бас және құрметті консулдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Татарстанның іскер топтарының, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері тамашалады.