Бүгін, 22 маусымда, Еске алу және қайғы күнінде Волоколамскіде “Бейбітшілік үшін еске алу майшамын жақ” атты акциясы өтті.
Мәскеу уақытымен таңғы сағат 4-те – фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасаған уақытында – Дубосеководағы Батыр-панфиловшылар Мемориалының алдында 1418 саны түрінде (Ұлы Отан соғысы осынша күн жалғасты) майшамдар жағылды.
Содан соң Кеңес Одағының батырлары И.Панфилов пен Б.Момышұлы мүсіндеріне гүл шоқтары қойылды.
Іс-шараға Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, мәскеулік жоғарғы оқу орындарының қазақстандық студенттері, Ресей астанасы мен Волоколамск тұрғындары қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Еуразия халықтары Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясының қолдауымен “Лайықты естелік” қайырымдылық қоры болды.
“Жаулаушылармен күресте қаза тапқан батырларымызға құрмет көрсеткіміз келеді. Бұл адамдардың арасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп жатырмыз”, – деді акцияға қатысушылар.