2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, плебисцитке шығарылады.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
№290 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Рылеев көшесі, 10-үй, сайт парақшасы: сайт
№301 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайт парақшасы: сайт
№291 сайлау учаскесі – Астрахань қаласы, Акварельная көшесі, 2 «Б» үй, сайт парақшасы: сайт
№292 сайлау учаскесі – Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй, сайт парақшасы: сайт
Сайлаушылар тізіміне ену үшін төмендегі форманы толтыруларыңызды сұраймыз.