30 жылдың ішінде алғаш рет елді жаңа президент басқаратын болған соң, биылғы сайлау ерекше. Нұрсұлтан Назарбаев – өз орнын босатқан посткеңестік кеңістіктегі соңғы көшбасшы. Саясаттанушылардың айтуынша, оның орнынан кетуімен тұтас дәуір аяқталды, сондықтан осы сайлау елдің ішінде де, сыртта да ерекше қызығушылық тудырып отыр.
Жескенбілік күнге қарамастан, ресейлік сарапшы өзекті оқиға бойынша пікір білдіруге құрметпен келісімін берді.
Еуразиялық талдау клубының басшысы Никита Мендковичтің пікірінше, Қазақстан үшін бұл сайлау кампаниясы ерекше болды, себебі сайлауға Тәуелсіздік кезеңінде алғаш реті Нұрсұлтан Назарбаев қатыспай отыр.
“Қауырт сәттерге қарамастан, кампания мақмұнды өтті. Қоғам барлық қатерлерге барабар ден қойды. Сайлау алды жарысы түрліқоғамдық-саяси күштерді ұсынған кандидаттар арасында елдегі өзекті проблемаларды талқылау үшін себеп болды”, – деді ол.
Сонымен қатар, ресейлік сарапшы Мәскеудегі учаскеде дауыс беруге дайындықты жоғары бағалады.
“Мен сайлаушылардың зор ынтасын көріп отырмын. Шетелдегі елшлікте өтіп жатса да көптеген адамдар дауыс беруге келді. Бұнда отбасыларымен келуде, кезекте балаларды да көрдім. Соған қарамастан учаскеге тез кіруге болады. Дауыс беру жақсы ұйымдастырылған және тәртіппен өту үстінде”, – деп қорытындылады Никита Мендкович.