ҚР азаматтығына қатысты түсінік беру
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанда бұрын тұрған тұлғалардың көптеген сауалдарына байланысты, азаматтық туралы сұрақтар бойынша келесі түсініктемелер береміз.
Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан аумағында осы Заңның күшіне енгізілген күнге дейін (яғни 1992 ж. 1 наурызға) тұрақты тұрған (тұрақты тіркеуі бар) тұлғалар, егер олар 1995 ж. 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын қаламандығы туралы Қазақстан Республикасының тиісті органдарына тұрған мекен-жайы бойынша жазбаша өтініш бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.
Қазақстан Республиксының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Осыған орай, Ресей азаматтығын қабылдаған соң Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне (мекен-жайы: 101000, Чистопрудный бульвар, 3А) тапсыру қажет.
Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес келесі тұлғалар заң өз күшіне енген сәттен бастап Қазақстан азаматтары саналады.
Республикасының азаматтары болып танылмайды:
1. 1995 ж. 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын қаламандығы туралы Қазақстан Республикасының тиісті органдарына тұрған мекен-жайы бойынша жазбаша өтініш бергендер;
2. Қазақстан аумағында осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін (яғни 1992 ж. 1 наурызында) тұрақты тұрмағандар (тұрақты тіркеуде болмағандар);
3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғандығы тіркелгендер және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар.
Осыған орай, адамның қалауы бойынша тиісті анықтама беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтыны туралы анықтаманы ресімдеу үшін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Консулдық бөліміне адамның өзі немесе сенімді тұлға (нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат бойынша) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Консулдың атына жеке арыз;
2. Жеке басын куәландыратын құжат;
3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (барлық парақтар);
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмесі;
5. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңның күшіне енгізілген күнге дейін (яғни 1992 ж. 1 наурызында) Қазақстан аумағында тұрақты тіркеуде болмағандығын растайтын құжаттардың түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмесі.
Заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша консулдық әрекеттер үшін консулдық жиындар алынады.
ҚР азаматтығына қатысты түсінік беру
1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 3 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 21 бабына (азаматтықтан айырылу) сәйкес.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасы азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда;
5) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен жасасқан некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған және шет ел азаматтығын қабылдаған тұлға отыз күнтізбелік күн ішінде шетелдік азаматтық алу дерегі жайлы хабарлауы және Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен (немесе) жеке куәлігін ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріне тапсыруы тиіс.
«ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңының 31 бабына сәйкес, Консулдық бөлім арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу туралы анықтама РФ-да тұрақты тұруға рұқсатты рәсімдеген тұлғаларға рәсімделетінін ескертеміз. Ол үшін РФ (басты бет пен тіркеу) және ҚР (басты бет пен тұрақты тұруға кету белгісі) төлқұжатының көшірмесі ұсыну қажет. Егер тұлға РФ-да тұрақты тұру рұқсатын рәсімдемеген болса, «ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңының 30 бабына сәйкес, азаматтықтан айырылу анықтамасын Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарында рәсімдейді.
Қазақстан мен Ресей қос азаматтыққа қатысты жауапкершілікті күшейтті
2014 жыл 5 шілдеде ҚР Президенті әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекске қол қойды. Бұл кодексте Қазақстан Республикасының азаматығы туралы заңнаманы бұзу бойынша жауапкершілік күшейді.
Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР жаңа Кодексінің 380-2 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматығы туралы заңнаманы бұзу бойынша 50 АЕК-тен (92 560 теңге) 200 АЕК-ке дейінгі (370 400 теңге) көлемде әкімшілік жауапкершілік немесе елден қуу қарастырылған.
Осыған байланысты ҚР Елшілігі Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатын ҚР Консулдық бөлімдеріне тапсыру қажеттігін ескертеді (Байланыс жайлы ақпарат “РФ-дағы ҚР Консулдық бөлімдері” бөлімінде орналасқан).
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабының 3 тармағы мен «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарының басқа елдің азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының шет ел азаматтығын қабылдау дерегі анықталған жағдайда, «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21,30 баптары негізінде көші-қон полициясы органдары Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуды тіркейді.
Сонымен бірге, Ресейде 2014 жылы 5 тамызда қос азаматтықты жасыру туралы заң өз күшіне енді. Бұл заңды бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жаңа заңға сәйкес, басқа елдің тағы бір азаматтығын алған ресейліктер енді 60 күн ішінде ол жайлы Федералды көші-қон қызметін хабарландыруға міндетті. Федералды көші-қон қызметін жеке куәлігін растайтын құжат пен өзге азаматтығы барын растайтын құжаттың көшірмелерін пошта арқылы жіберіп, хабардар етуге болады.
Заңды бұзған жағдайда 200 мың рубльге дейінгі айыппұл, 400 сағатқа дейінгі міндетті жұмыс қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтығы жоқтығы туралы анықтама
1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, егер тұлғалар Қазақстан азаматтығында болуды қаламау жазбаша өтінішін 1995 жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты жері бойынша Республиканың тиісті органдарына тапсырмаған болса, Заң өз күшіне ену кезінде (яғни 1992 жылдың 1 наурызы) Қазақстан аумағында тұрақты тұрған (тұрақты тіркеуі бар) тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналады. Егер азаматтың 1992 жылдың 1 наурызы кезінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты тіркелуі болмай және аталған деректі растайтын тиісті құжаттары болған жағдайда (ол үй кітапшасының үзінді көшірмесі, аттестаттар, еңбек кітапшасы және т.б. болуы мүмкін), «ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңының 3 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығының жоқтығы туралы анықтама беріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, қос азаматтықты қарастырмайтын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу бойынша шешімдер Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданады. Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) азаматтығынан шығу туралы өтінішхатты рәсімдеу үшін елден тыс жерлерде тұрып жатқан ҚР азаматтары жақын жердегі РФ-дағы ҚР консулдық мекемесіне өздері келіп, келесі құжаттарды ұсынулары қажет:
Құжат көшірмелері:
1. Тұрақты тұруға кету мөртабаны бар Қазақстан Республикасы төлқұжатының көшірмелері (19.03.2015-тен бастап ҚР көші-қон полициясы органдарынан хабарландыру) – 2 дана;
2. Туу туралы куәлік көшірмелері – 2 дана;
3. Неке куәлігінің көшірмелері – 2 дана;
4. Балаларының (16 жасқа дейін) туу туралы куәліктері – 2 дана;
5. Тіркеу көшірмелері (уақытша тіркеу, уақытша мекендеуге рұқсат, ықтияр хат) – 2 дана;
6. Туыстардың төлқұжаттары/жеке куәліктерінің көшірмелері (әке/ана, аға/әпке, жары/жұбайы, балалар) – 2 дана;
7. Кету парақшасының көшірмелері – 2 дана;
8. Көші-қон қартасының көшірмелері – 2 дана;
Құжат түпнұсқалары:
9. ҚР азаматтығынан шығуға жұбайы мен ата-анасының нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі – 2 дана;
10. Шет ел азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат;
11. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) бекітілген нысанда тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мағлұматтың жоқтығы немесе бар болуы туралы анықтама.
Толтырылған бланктер:
13. Белгіленген үлгідегі сауалнама-өтініш – 2 экз.;
14. Автобиография – 2 экз.;
15. 3,5 x 4,5 фотосуреттер – 4 дана.
Жас мөлшеріне тәуелсіз өтініш беруші жанұясының әр мүшесіне толық құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Соның негізінде әр отбасы мүшесіне жеке тұжырым шығарылады.
18 жасқа толмаған сондай-ақ, әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың шетелдік мекемемен куәландырылған азаматтықты өзгерту мәселелері бойынша өтінішхаттары баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен бірге (асырап алушылары, қамқоршылары мен тәрбиешілері жергілікті атқарушы органның шешімдерінің көшіресін ұсынады) немесе әрекет етуге қабілетсіз тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге олардың заңды өкілдерімен тапсырылады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ата-ананың немесе өзге заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) жазбаша өтінішіне 2 данамен шетелдік мекемеде куәландырылған жазбаша келісімдерін ұсынады.
Егер азаматтықтан шығуға баламен бірге ата-ананың біреуі өтініш еткен жағдайда, 2 данада басқа ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімін ұсыну қажет. Егер азаматтықтан шығуға ата-ана балаларынсыз өтініш еткен болса, балаларының туу туралы куәліктерін ұсынуға қажеттілік жоқ. Сауалнамалар мен автобиографиялардың барлық даналары өтініш беруші өз қолымен қол қойып, өтініш берген күнді көрсетуі қажет.
Консулдық бөлім өтініш берушіден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқылы.
Өтінішхатты қанағаттандырмаған жағдайда консулдық алым қайтарылмайды.
Өтінішхатты қарастыру мерзімі 1 жыл және одан артық уақытты құрайды.