Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мәскеулік Внуково әуежайында орналасқан Қазақстан азаматтарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.
14 жолаушы (11 адам Доминикан Республикасынан транзитпен отанына оралуы тиіс және Германия, Шри-Ланка мен Гоа (Үндістан) елдерінен 1 адамнан) рейстердің тоқтатылу салдарынан астананың әуежайында тұрып қалды.
Бір күн бұрын оларға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулы Бауыржан Ақатаев келіп, сол азаматтарға қатысты мәліметтерді жинаған еді. Осындай жағдайға тап болған адамадар су және тамақпен қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта елшілік ресейлік тараппен қазақстандықтарды басқа мәскеулік әуежайға жеткізіп, кейіннен оларды отанына оралту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде. “SKAT” әуекомпаниясы жолаушыларға жоғалған билеттердің құнын сатып алған кездегі тарифтердің талаптарына сәйкес қайтарады.
Елшілік орын алған форс-мажорлық жағдайға түсіністікпен қарауға үндейді, сондай-ақ сабыр сақтап, дүрбелең көңіл-күйге бой алдырмай, асығыс эмоционалды қорытынды жасамауға шақырады. Осыған ұқсас әдеттен тыс жағдай билік органдарының әлемнің көптеген әуежайларында әуе байланыстарын жабу шараларын қабылдағаны үшін туындап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Консулдықтарында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «жедел желі» телефондары жұмыс істейді:
– Мәскеуде + 7-925-897-71-14;
– Санкт-Петербургте + 7-921-188-90-60;
– Қазанда + 7-905-020-30-42;
– Астраханда 8-927-562-0042, 8-927-562-0045;
– Омбыда +79681007303, +79681007306