ҚР Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаевпен Астрахан сауда – өндірістік палатасы Одағының жаңадан тағайындалған Президенті Синченко Станислав Степановичпен және астрахандық кіші және орта бизнесті қолдау Фондының Бас директоры Азарова Ирина Николаевнамен кездесулер өткіздік.
Отырыс барысында Қазақстан мен Астрахан облысының кіші және орта кәсіпкерлері арасындағы байланысты жаңа дәрежеде қайта өндіру іс шаралары талқыланды. Осы күні ҚР Бас консулдығы, Астрахан халықаралық агенттігі, жергілікті сауда – өндірістік палатасы Одағы, астрахандық кіші және орта бизнесті қолдау Фонды, ҚР-ның Ресейдегі сауда өкілдігі уәкілі және Қазақстан тарапынан Павлодар облыс әкімшілігінің кәсіпкерлік және сауда басқармасы, өндіріс-инновациялық даму басқармасы мен АҚ “Казах инвест” өкілдерінің қатысуымен бейне конференция өткізілді.
Баяндама барысында ҚР Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың 2019 ж. 7 қарашада Омбыда өткен аумақаралық ынтымақтастықтың XVI Форумында Ресеймен шекаралас аймақтарда сауда-өндірістік миссиялар мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және оның тәртібі мен уақытын жүйелі түрге енгізудің үлкен мәні барын айтқанын жеткізіп жаңа бастауда жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірілді.
Бұл конференцияның негізгінде ү.ж желтоқсан айының 14-25 күндері аралығында бейне конференциялар жалғастырылып екі жақты, яғни өнеркәсіптік заманауи технологиялар, арнайы экономикалық аймақтар саласындағы ынтымақтастық пен нақты ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпке инвестиция тарту және бизнесті қолдаудағы мемлекет мүмкіндіктерінің ағымдағы шаралары туралы сраптамалар жүргіліп ортақ шешім қабылдау жұмыстары жоспарланды.
Сонымен қатар, ү.ж. 11.12.2020 ж. “Ресей қазақтарының федералдық ұлттық – мәдени автономиясы” жалпыресейлік қоғамдық ұйымының президенті Т.К.Дүйсебаевпен бірге федералдық деңгейдегі “Мәдени қарымқатынастағы Ресей қазақтары” бағдарлама шеңберінде Астрахан қаласының Мәңгілік алауына Ұлы отан соғысының құрбандарына арнап гүл шоқтары қойылды. Ұлы Жеңістің баршаға бірдей мереке екені, қазақ даласы мен баласынан шыққан батырлардың үлесі аса маңызды тарихи оқиға екендігі айтылды.