Облыс әкімшілігінің шақыруы бойынша 2022 жылғы 19 қыркүйекте ҚР-ның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашевтің үшінші мерзімге қызметке кірісу салтанатты рәсіміне қатысты.
Сол күні РФ Мемлекеттік Думасының депутаты А.Кузнецовпен, РФ СІМ өкілі А. Харловпен және Екатеринбургте аккредиттелген шетелдік консулдықтардың өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті.