Шет елге баруға жоспарлап отырған немесе шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін “SmartTravelKZ” мобильдік қосымшаны әзірледі.
СІМ жасап шығарған “SmartTravelKZ” тегін мобильдік қосымшаның басты мақсаты шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс беріп, жәрдемдесуді көздейді.
Мобильдік қосымша аймақтық ерекшеліктеріне қарай, елдер туралы тиімді ақпаратпен, болу елдеріндегі өзін ұстау нормалары, қауіпті жағдай болған кезде асырылатын іс-шаралар, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтерді қамтиды. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар болу елінде санитарлық-эпидемологиялық және қылмыстық жағдай туралы деректерді таба алады.
Қосымшаның көмегімен пайдаланушылардың ҚР консулымен бірнеше жолдармен байланысу мүмкіндіктері бар: дауыстық хабарлама қалдыру, кері қоңырау жіберу, электрондық поштаға хат жолдау немесе қоңырау шалу.
Android (www:play.google.com) және iOS (www:itunes.apple.com) платформаларынан тегін мобильдік қосымшасын жүктеу алуға болады.