Астананың Мәскеудегі Мәдениет күндері “Қыз Жібек” этнофольклорлық мюзиклімен ашылды. Қазақтың өшпес эпосын, махаббат гимнін Драмалық өнер мектебінің сахнасында Астана әкімдігі Жасөспірім көрермен музыкалық театры ұсынды.
Көрсетілім алдында Мәскеу Үкіметінің министрі, Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черёмин атап көрсеткендей, бүгінде мәдени алмасудың ізгі дәстүрін жалғастыру өте маңызды. Оның айтуынша, өнердің тілі біздің елдеріміздің арасындағы достық байланыстарды сақтауда және тереңдетуде аса маңызды.
Өз кезегінде, Астана Мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Астананың Мәскеудегі Мәдениет күндерінің желтоқсанда Астанада өткен Мәскеудің Мәдениет күндері секілді биік деңгейде өтетініне сенім білдірді. Ол “Қыз Жібектің” өзектілігін жоймайтынын және қазақ халқының мәдени мұрасы екенін еске салды.
Мәңгілік махаббат тақырыбындағы мюзикл талғампаз Мәскеу жұртын серпінді сюжетімен, өткір музыкасымен, әртістердің шебер ойынымен баурап алды. Ду қол шапалақтаған кезде көрермендер өздерінің қазақтың поэзиялық мұрасын және оның бай мәдениетін бүкіл санқырлылығы мен сұлулығында танығанын мойындады. Олардың сөздерінше, сахнада арбап алатын ұлттық ерекшелікпен, қызықты драматургиямен және костюмдердің ғажайыптығымен сиқырлы жағдай қалыптасқан.
Спектакльдің режиссері Асхат Маемиров атап көрсеткендей, басты міндет қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухын көрсету болды. Астананың Мәдениет күндері аясында ол Драмалық өнер мектебінің сахнасында өз қойылымы – жазушы және драматург Дулат Исабековтің аттас повесінің желісі бойынша “Гаухартас” спектаклін ұсынады. Онда да Астана әкімдігінің Жасөспірім көрермендер музыкалық театрының әртістері жұмыс істейтін болады. Олар үшін бұл Мәскеуде алғаш өнер көрсету және бұл, режиссердің айтуынша, бір мезгілде бақыт, абырой әрі үлкен жауапкершілік болып табылады.