Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді Мәскеуде өтетін әскери парадқа дайындауға кірісті.
Парад тобына Қазақстан десанттық-шабуылдау әскері әскери бөлімшелерінің әскери қызметкерлері қосылды”, – деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Олардың қауіпсіздігі үшін дезинфекциялық-санитарлық режимді күшейту тапсырылды: күніне кемінде екі рет медициналық тексеруден өтеді, ылғалды тазарту және желдету шаралары атқарылады.
Сонымен қатар, парадқа қатысушылар басқа жеке құрамнан оқшауланған, олардың бөтен адамдармен және туыстарымен кездесуі шектелді.
Жеңіс парады 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда өтеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде баратынын хабарлады. Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруын ризашылықпен қабылдағанын жазды.