Қазақстан Республикасының
Қазан қаласындағы
Бас консулдығы
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
  • Елші
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
  • Бас консулдық
    • Жалпы ақпарат
  • Екіжақты ынтымақтастық
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
  • Консулдық мәселелер
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Post Type Selectors
Главная/Консулдық мәселелер/Құжаттама

Құжаттама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ

Қазақстан республикасының халқын тіркеу мен құжаттау ережесіне (ҚР Ішкі істер министрлігінің 28.11.2011 жылғы №631 бұйрығы) сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерімен:

1. Қазақстан Республикасынын тыс жерде тұрақты тұратын (яғни, РФ-на тұрақты тұруға рұқсат алған Қазақстан Республикасының азаматтары);

2. Шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу мекемелерінің күндізгі оқу нысанында білім алатын;

3. Шет мемлекеттердің аумағында еңбек келісім шарты бойынша бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін; онымен бірге тұратын көрсетілген тұлғалардың отбасылары мүшелері, Қазақстан Республикасы азаматтарының формулярлары толтырылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ 29 ҚАҢТАРЫНДАҒЫ
«ТҰЛҒАЛЫҒЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАР ТУРАЛЫ» № 73-V ” ЗАҢЫ

8 бап. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты

1. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.

2. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатына келесі жазбалар мен белгілер енгізілуі мүмкін:

1) шетелге тұрақты тұруға кету туралы рұқсат беру жазбасы;

2) ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, он алты жасқа дейінгі балалар фотосуреттерінің жапсыруымен олар туралы жазба;

3) шет мемлекеттің визасы;

4) шекаралық бақылау-өткізу пунктінің шекарадан өту туралы белгісі.

3. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты он жылға қолдану әрекет ету мерзіміне беріледі.

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА БАРҒАН ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Ресей Федерациясына тұрақты тұруға барған және Ресейде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ұлттық төлқұжатты рәсімдеуі үшін азаматтардың Ресей Федерациясындағы (РФ) Қазақстан Республикасы (ҚР) Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерін (ЕКІ ДАНАДАН) тапсыру керек:

1. Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін шыққаны туралы белгісі бар Қазақстан азаматының ұлттық төлқұжаты;

2. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

3. 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

4. Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

5. Ресейге тұрақты тұру үшін Қазақстаннан шығу мекен-жай парақшасы;

6. Көші-қон есебіне қою (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат (УТР) немесе бір жерде тұруға рұқсат (БТР) көшірмелері);

7. Қызметкердің РВ УТР немесе БТР бар болса Ресейдің Федералды көші-қон қызметі басқармасынан (РФКҚБ) тұрғылықты жері бойынша Сіздің РФ азаматтығын қабылдамағаныңыз немесе бұл мәселе бойынша жүгінбегеніңіз туралы анықтама тапсыру қажет (ҚР Конституциясы бойынша Республика азаматтарына басқа мемлекеттің азаматтығы мойындалмайды);

8. ҚР ұлттық төлқұжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ұлттық төлқұжатының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы милициядан алынған анықтаманы қоса тіркеу қажет;

9. Халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасында толтырылған жазбаша өтініш;

10. Ашық фондағы қарсы алдынан түсірілген, бір негативтен алынған тығыз (жұқа емес) фотоқағаздағы төрт түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5 см.) (бұрыштары жоқ). Фото айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс. Фотоға “Поларойдта” түсу қажет. Цифрлы емес фотосурет;

11. Сіздің қолтаңбаңыз қойып (қолтаңбаны арнайы жиектеменің ортасына қою қажет) толтырылған “Төлқұжатты беруге арналған өтініш” (құжаттарды сенім жүктелген тұлға арқылы берген кезде өтінішті нотариуста куәландыру қажет).

Төлқұжатты рәсімдеудегі Консулдық алым – 30 АҚШ доллары.

Құжаттарды Консулдық бөлімге бергеннен кейін төлем рубльмен жасалады.

Төлқұжатты рәсімдеу мерзімі – 4-6 ай.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! ҚР ұлттық төлқұжатын рәсімдеуге арналған құжаттар тек жеке немесе сенім жүктелген тұлға арқылы (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жүгінген кезде ғана қабылданады. Төлқұжатты рәсімдеуге арналған құжаттарды пошта арқылы жібермеуді сұраймыз. ҚР ұлттық төлқұжатынының дайындығы туралы ақпаратты Консулдық бөлімнің қызметкері Сіздің өтініште көрсетілген телефон бойынша хабарлайды. Төлқұжат иесіне немесе сенім жүктелген тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОҚУ МЕКЕМЕСІНЕН КҮНДІЗГІ ОҚУ
НЫСАНЫНДА БІЛІМ АЛАТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Осы санатқа жататын Қазақстан Республикасы азаматына Ресей Федерациясындағы (РФ) Қазақстан Республикасы (ҚР) Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелерін (ЕКІ ДАНАДАН) тапсыру керек:

1. Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық төлқұжаты;

2. Жеке куәлігі;

3. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

4. 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

5. Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

6. Көші-қон есебіне қою (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат (УТР) немесе бір жерде тұруға рұқсат (БТР) көшірмелері);

7. Қызметкердің РВ УТР немесе БТР бар болса Ресейдің Федералды көші-қон қызметі басқармасынан (РФКҚБ) тұрғылықты жері бойынша Сіздің РФ азаматтығын қабылдамағаныңыз немесе бұл мәселе бойынша жүгінбегеніңіз туралы анықтама тапсыру қажет (ҚР Конституциясы бойынша Республика азаматтарына басқа мемлекеттің азаматтығы мойындалмайды);

8. ҚР ұлттық төлқұжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ұлттық төлқұжатының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы милициядан алынған анықтаманы қоса тіркеу қажет;

9. Халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасында толтырылған жазбаша өтініш;

10. Ашық фондағы қарсы алдынан түсірілген, бір негативтен алынған тығыз (жұқа емес) фотоқағаздағы төрт түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5 см.) (бұрыштары жоқ). Фото айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс. Фотоға “Поларойдта” түсу қажет. Цифрлы емес фотосурет;

11. Сіздің қолтаңбаңыз қойып (қолтаңбаны арнайы жиектеменің ортасына қою қажет) толтырылған “Төлқұжатты беруге арналған өтініш” (құжаттарды сенім жүктелген тұлға арқылы берген кезде өтінішті нотариуста куәландыру қажет).

Төлқұжатты рәсімдеудегі Консулдық алым – 30 АҚШ доллары.

Құжаттарды Консулдық бөлімге бергеннен кейін төлем рубльмен жасалады.

Төлқұжатты рәсімдеу мерзімі – 4-6 ай.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!  ҚР ұлттық төлқұжатын рәсімдеуге арналған құжаттар тек жеке немесе сенім жүктелген тұлға арқылы (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жүгінген кезде ғана қабылданады. Төлқұжатты рәсімдеуге арналған құжаттарды пошта арқылы жібермеуді сұраймыз. ҚР ұлттық төлқұжатынының дайындығы туралы ақпаратты Консулдық бөлімнің қызметкері Сіздің өтініште көрсетілген телефон бойынша хабарлайды. Төлқұжат иесіне немесе сенім жүктелген тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ЕҢБЕК ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Азаматтардың осы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының азаматына Ресей Федерациясындағы (РФ) Қазақстан Республикасы (ҚР) Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін (ЕКІ ДАНАДА) тапсыру қажет:

1. Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық төлқұжаты;

2. Жеке куәлігі;

3. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі (көшірмелерін нотариуста куәландыру;

4. 16 жасқа дейінгі балаларының туу туралы куәліктері (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

5. Неке қию туралы, сондай-ақ бірнеше неке қиылса, ажырасу туралы куәлік (көшірмелерін нотариуста куәландыру);

6. Көші-қон есебіне қою (уақытша тіркеу, уақытша тұруға рұқсат (УТР) немесе бір жерде тұруға рұқсат (БТР) көшірмелері);

7. Қызметкердің РВ УТР немесе БТР бар болса Ресейдің Федералды көші-қон қызметі басқармасынан (РФКҚБ) тұрғылықты жері бойынша Сіздің РФ азаматтығын қабылдамағаныңыз немесе бұл мәселе бойынша жүгінбегеніңіз туралы анықтама тапсыру қажет (ҚР Конституциясы бойынша Республика азаматтарына басқа мемлекеттің азаматтығы мойындалмайды);

8. ҚР ұлттық төлқұжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ұлттық төлқұжатының жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы милициядан алынған анықтаманы қоса тіркеу қажет;

9. Кадрлар бөлімі куәландырған еңбек шарты және жұмыс орнынан анықтама;

10. Халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасында толтырылған жазбаша өтініш;

11. Ашық фондағы қарсы алдынан түсірілген, бір негативтен алынған тығыз (жұқа емес) фотоқағаздағы төрт түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5 см.) (бұрыштары жоқ). Фото айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс. Фотоға “Поларойдта” түсу қажет. Цифрлы емес фотосурет;

12. Сіздің қолтаңбаңыз қойып (қолтаңбаны арнайы жиектеменің ортасына қою қажет) толтырылған “Төлқұжатты беруге арналған өтініш” (құжаттарды сенім жүктелген тұлға арқылы берген кезде өтінішті нотариуста куәландыру қажет).

Төлқұжатты рәсімдеудегі Консулдық алым – 30 АҚШ доллары.

Құжаттарды Консулдық бөлімге бергеннен кейін төлем рубльмен жасалады Төлқұжатты ресімдеу мерзімі 2-4 ай.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!  ҚР ұлттық төлқұжатын рәсімдеуге арналған құжаттар тек жеке немесе сенім жүктелген тұлға арқылы (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жүгінген кезде ғана қабылданады. Төлқұжатты рәсімдеуге арналған құжаттарды пошта арқылы жібермеуді сұраймыз. ҚР ұлттық төлқұжатынының дайындығы туралы ақпаратты Консулдық бөлімнің қызметкері Сіздің өтініште көрсетілген телефон бойынша хабарлайды. Төлқұжат иесіне немесе сенім жүктелген тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗАҚСТАННАН СҰРАТЫП АЛДЫРУ

Сізге қажет құжаттарды (тууы, қайтыс болуы) туралы куәлік, неке қиғаны (бұзғаны) туралы куәлік, некелік құқыққа қабілеттілік туралы анықтама және т.б. жұмыс туралы мұрағаттық анықтамалар және т.б.) Қазақстаннан сұратып алдыру үшін Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша ресейлік әділет органдарына жүгіну қажет.

1993 жылғы 22 қарашада Минскде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қол қойған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5 және 14-баптарына сәйкес ТМД құрамына кіретін елдерден құжаттарды сұратып алдыру жөніндегі сауалдар бір бірімен өздерінің орталық органдары арқылы қарым-қатынас жасайтын құзыретті әділет органдары арқылы тегін жүзеге асырылады.

ҚАЙТУҒА АРНАЛҒАН КУӘЛІК

Қазақстан Республикасының (бұдан әрі ҚР) азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі АЖТ) олар шетелде төлқұжатын немесе АЖТ куәліктерін жоғалтып алған кезде қайтуға арналған куәлікті (бұдан әрі ҚАК) олардың болған еліндегі Қазақстан Республикасы дипломатиялық немесе консулдық мекемелері береді және ҚР аумағына кіру мен оның аумағы бойынша тұрақты тұрғылықты жеріне жүріп өтуі үшін жарамды.

ҚАК қысқа мерзімді пайдалану құжаты болып табылады, ол бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырыла алмайды. Қайтуға арналған куәлік келесі жағдайларда беріледі:

1. Жеке басын куәландыратын құжат жоғалған кезде.

Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– екі фотосурет (түрлі-түсті, көлемі 3х4);

– құжаттың жоғалғаны туралы полициядан анықтама (немесе талон-хабарлама);

– толтырылған сауалнама (маман береді);

– түсініктеме (маман береді).

2. Құжаттың жарамсыз жағдайы (қолданыс мерзімінің аяқталуы, бос беттерінің аяқталуы, құжаттың физикалық бұзылуы және т.б.):

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– екі фотосурет (түрлі-түсті, көлемі 3х4);

– толтырылған сауалнама (маман береді);

– түсініктеме (маман береді).

3. 16 жасқа шетелде толған кезде алғашқы құжаттандыру:

– құжаттың (туу туралы куәліктің) көшірмесі;

– екі фотосурет (түрлі-түсті, көлемі 3х4);

– тану хаттамасы (ата-аналарының біреуінің қатысуымен консулдық бөлімде толтырылады);

– РФКҚБ-дан Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдамағаны туралы анықтама;

– ҚР азаматы оқыған мектептен анықтама – толтырылған сауалнама (маман береді);

– түсініктеме (маман береді).

Ескерту: егер ҚР азаматы РФ аумағында бір жылдан артық болса, онда тұрғылықты жері бойынша РФКҚБ-дан Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдамағаны туралы анықтама ұсыну қажет.

Өтініш берушіде оның жеке басын, ҚР азаматтығына тиесілігін немесе ҚР аумағында тұрақты тұратындығын растайтын құжат болмаған жағдайда ҚР консулдық мекемесі тексеруді жүзеге асыру үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызметіне тиісті сауал жібереді. Бұл үшін кейіннен Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына жолдау үшін өтініштің, сауалнаманың қоса берілген нысандарын толтыру қажет.

– Өтініш

– Сауалнама-өтініш

Қажетті формальдықтарды жүзеге асырғаннан кейін ҚР азаматтарына АБ (азаматтығы бар) сериялы, ҚР-да тұрақты тұратын АЖТ-ға АЖ (азаматтығы жоқ) сериялы куәлік беріледі.

«Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2017 жылғы «15» қыркүйектегі

№ 11-1-2/422 бұйрығымен бекітілген

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні, егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күні, егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған жағдайда;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 926 қаулысымен белгіленген нысан бойынша қайтып оралуға куәлігі немесе осы Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі бойынша жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;

3) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болған жағдайда) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда Қағидалармен белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;

6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат (ерікті нысанда) береді. 

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Стандарттың
    13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почта мекенжайы, шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

2023-03-23 10:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
2023-03-22 16:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы
2023-03-21 07:30:00
Қазан қаласында Наурыз мейрамы атап өтілді
2023-03-20 21:20:00
Мәскеуде Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындысы талқыланды
2023-03-15 19:00:00
Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақовтың «Petrocouncil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы А.Жақиевпен кездесуі өтті
2023-03-08 11:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Больше новостей

Мемлекеттік органдар
akorda.kz
ҚР Президентінің ресми сайты
mfa.gov.kz
ҚР СIM ресми сайты
government.kz
ҚР Үкіметінің ресми сайты
kazembassy.ru
ҚР Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты
  • Елші
  • Бас консулдық
  • Екіжақты ынтымақтастық
  • Консулдық мәселелер
  • Байланыстар
8 843 202-05-92 kazan@mfa.kz
Қазан, 2015 қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы