Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады. Қазіргі уақытта Мәжілісте алты партия – “Аманат” партиясы, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы, Respublica партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілеттілік етеді.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
1971 жылғы 28 қаңтарда туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Тафтс университетінің Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) бітірген. Экономист – политэкономия мұғалімі, халықаралық қатынастар магистрі. Саяси ғылымдарының кандидаты.
1993 – 1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.
1994 жылғы мамыр – 1995 жылғы наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутатының көмекшісі.
1995 жылғы маусым – қараша аралығында – Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының консультанты.
1995 жылғы қараша – 1999 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, басшысының бірінші орынбасары.
1999 жылғы сәуір – 2000 жылғы мамыр аралығында – Қауіпсіздік Кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.
2000 жылғы мамыр – 2002 жылғы ақпан аралығында – Қауіпсіздік Кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2002 жылғы ақпан – 2005 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2005 жылғы мамыр – 2006 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.
2006 жылғы сәуір – 2011 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2012 жылғы қаңтар – 2018 жылғы ақпан аралығында –бесінші, алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
2018 жылғы ақпан – 2019 жылғы маусым аралығында – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
2019 жылғы шілде – желтоқсан айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2019 жылғы желтоқсан – 2020 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.
2020 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Қошанов Ерлан Жақанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
1962 жылы Қарағанды облысында туған.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.
1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7-сайланым Төрағасы болып сайланды.
2023 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 8-сайланым Төрағасы болып сайланды.
І дәрежелі «Барыс» (2021), «Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.
Бектенов Олжас Абайұлы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
2005-2006 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.
2009-2012 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары — ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары — Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті басшысы.
2017-2018 жылдары — Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалаға бөлінеді: