Қазақстан Республикасының
Қазан қаласындағы
Бас консулдығы
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
  • Елші
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
  • Бас консулдық
    • Жалпы ақпарат
  • Екіжақты ынтымақтастық
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
  • Консулдық мәселелер
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Post Type Selectors
Главная/Консулдық мәселелер/Қазақстанға виза алу

Қазақстанға виза алу

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 Қаулысына сәйкес егер төменде аталған мемлекеттер азаматтарының (дипломатиялық, қызметтік және ұлттық төлқұжаттар иелерінің) Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспаса, Қазақстан Республикасына визаcыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді:

1. Аустралия Одағы

2. Аустрия Республикасы

3. Люксембург Ұлы Герцогтігі

4. Мажарстан

5. Израиль Мемлекеті

6. Грек Республикасы

7. Италия Республикасы

8. Канада

9. Монако Князьдігі

10. Бельгия Корольдігі

11. Дания Корольдігі

12. Испания Корольдігі

13. Нидерланд Корольдігі

14. Норвегия Корольдігі

15. Швеция Корольдігі

16. Латвия Республикасы

17. Литва Республикасы

18. Малайзия

19. Мальта Республикасы

20. Мексика Құрама Штаттары

21. Жаңа Зеландия

22. Біріккен Араб Әмірліктері

23. Португалия Республикасы

24. Болгария Республикасы

25. Ирландия Республикасы

26. Исландия Республикасы

27. Кипр Республикасы

28. Корея Республикасы

29. Польша Республикасы

30. Сингапур Республикасы

31. Словения Республикасы

32. Хорватия Республикасы

33. Чили Республикасы

34. Румыния

35. Словак Республикасы

36. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

37. Америка Құрама Штаттары

38. Түркия Республикасы

39. Германия Федеративтік Республикасы

40. Финляндия Республикасы

41. Француз Республикасы

42. Чех Республикасы

43. Швейцария Конфедерациясы

44. Эстония

45. Жапония

46. Бахрейн

47. Ватикан

48. Вьетнам

49. Индонезия

50. Катар

51. Колумбия

52. Кувейт

53. Лихтенштейн

54. Оман

55. Сауд Арабиясы

56. Таиланд

57. Филиппины

2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің 72-сағаттық визасыз режимі авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады. Назар аударыңыз: 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз келу режимі тоқтатылды!

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын отыз күнтізбелік күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге “іскерлік” санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

Қазақстанның Ресейдегі консулдық мекемелері (осы жерді басыңыз).

Шетелдік азаматтар үшін Қазақстан Республикасының визалық режимі (осы жерді басыңыз).

Қазақстан Республикасының визалар беру тәртібі (осы жерді басыңыз).

Визалардың келесі санаттарын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

1. Жеке (Word құжатын жүктеу);

2. Іскерлік (Word құжатын жүктеу);

3. Дипломатиялық, қызметтік (Word құжатын жүктеу);

4. Жұмысқа арналған (Word құжатын жүктеу);

5. Транзиттік (Word құжатын жүктеу);

6. Туристік (Word құжатын жүктеу);

7. Оқуға арналған (Word құжатын жүктеу).

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізіледі

Ресей азаматтарының Қазақстанға кіру тәртібі:

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 494 Қаулысы 2005 жылы 23 мамырда қабылданды. Осы қаулыға сәйкес Ресей Федерациясының азаматтары ішкі, дипломатиялық, қызметтік және шетелге шығу төлқұжатымен, Ресей Федерациясының 14 жасқа дейінгі азаматтары туу туралы куәлігімен Қазақстан Республикасына кіре алады.

Астанада 2012 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. Келісім бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында құрылған және екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтарын қабылдайтын мемлекеттің құзыретті органдарында кірген күннен бастап 30 күн ішінде болатын жері бойынша есепке қою міндетінен босатуды қарастырады.

Сауалнама нысаны және оңайлатылған тәртіпте визаны алу үшін өтінішті жүктеу

Барлық санаттағы визаларды рәсімдеу мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс істеу тәртібі:

Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма. Құжаттарды қабылдау уақыты 09.30 сағаттан бастап 12.30 сағатқа дейін.

Қабылдамайтын күндер: сәрсенбі, сенбі, жексенбі және ҚР мемлекеттік мерекелері күні.

Қазақстан Республикасының ұлттық жәңе мемлекеттік ресми мерекелері

Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР-ның заңдарына сәйкес мереке күндері болып саналады. ҚР-да мереке күндері жұмыс күндері болып табылмайды. Демалыс күндері мереке күндеріне сай келгенде, мереке күннен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады.

Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік ресми мерекелері:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

7 қаңтар – «Рождество Христово» мерекесі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр – Отан Қорғаушылар Күні

9 мамыр – Жеңіс күні

6 шілде – Астана күні

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

1 желтоқсан  – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні

16-17 желтоксан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шетел азаматтары (РФ азаматтарынан басқа) Қазақстанға келгеннен кейін 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Халықаралық өзара түсіністік қағидаты (екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды рәсімдеу барысында тең жағдайлар ұсыну) негізінде Жапония азаматтары консулдық алымдардан босатылған, АҚШ азаматтары үшін консулдық алымдардың бөлек тарифтері орнатылған (алымдар мөлшерін визаға құжаттарды беру барысында нақтылаған жөн).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Салық кодексінің 514 бабына сәйкес консулдық алымдар кері қайтарылмайды (өтелмейді). Консулдық алымдардың төлемі құжаттарды бергеннен кейін банкте жүзеге асырылады.

2023-03-23 10:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
2023-03-22 16:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы
2023-03-21 07:30:00
Қазан қаласында Наурыз мейрамы атап өтілді
2023-03-20 21:20:00
Мәскеуде Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындысы талқыланды
2023-03-15 19:00:00
Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақовтың «Petrocouncil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы А.Жақиевпен кездесуі өтті
2023-03-08 11:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Больше новостей

Мемлекеттік органдар
akorda.kz
ҚР Президентінің ресми сайты
mfa.gov.kz
ҚР СIM ресми сайты
government.kz
ҚР Үкіметінің ресми сайты
kazembassy.ru
ҚР Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты
  • Елші
  • Бас консулдық
  • Екіжақты ынтымақтастық
  • Консулдық мәселелер
  • Байланыстар
8 843 202-05-92 kazan@mfa.kz
Қазан, 2015 қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы