* Мереке күндерін ауыстыру
Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мейрам күндері ауыстыру | |
1-2 қаңтар | Жаңа жыл |
8 наурыз | Халықаралық әйелдер күні |
21-23 наурыз | Наурыз мейрамы (23 наурыз сенбіден 25 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады) |
1 мамыр | Қазақстан халқының бірлігі күні |
7 мамыр | Отан Қорғаушы күні |
9 мамыр | Жеңіс күні |
6 шілде | Астана күні (6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылады) |
30 тамыз | Конституция күні |
25 қазан | Республика күні |
16 желтоқсан | Тәуелсіздік күні |
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады (ауыстырусыз).
2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға тура келеді.
Анықтамалық ақпарат:
ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.