Қазақстан Республикасының Түмен облысындағы Құрметті консулы Владислав Квасов жергілікті қазақ ұлттық-мәдени автономиясымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді.
Құрметті консул Владислав Квасов пен автономия төрағасы Есенгалий Ибраевтың бірлескен бастамасы арқасында 20 мыңнан астам медициналық бетперде, 5 мың жұп бір рет қолданылатын қолғап, 500 литрден астам дезинфекциялық және антисептиктер жіберілді.
«Біз Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысындағы көршілерімізге көмек жинауға бір аптадан астам уақыт бұрын кіріскен едік. Осылайша, Түмендегі барлық ұлттардың тұрғындары Ресей үкіметінің Қазақстанға жаңа коронавирустық инфекциямен күресте көмек көрсету туралы шешімін жаппай қолдады», – деді облыстық қазақтардың Ұлттық және мәдени автономиясының төрағасы Есенгалий Ибраев.