Бүгін Ленинград облысының Кировск қаласында қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Оның атымен аталатын жергілікті гимназия ғимаратының жанындағы ескерткіш 2001 жылы орнатылған еді, алайда содан бері қалпына келтіруді қажет етті. Көршілес аумақты абаттандырумен қалпына келтіру жұмыстары осы жылы Санкт-Петербургтегі және Ленинград облысының “Ата-Мекен” қазақ ұлттық мәдени қоғамының қатысуымен және Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының көмегімен жүзеге асырылды. Ескерткішті қалпына келтіру үшін Қостанай облысының әкімдігінің қолдауымен 1 млн рубль көлемінде қаржы бөлінді.
Іс-шара барысында Қазақстан Ресрубликасының Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев ескерткіштің ашылуын Сұлтан Баймағамбетовтің 100 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығының символы деп атады. Ол Ленинград облысының және Киров ауданының басшылығына, гимназия мұғалімдері мен оқушыларына жерлесінің естелігін сақтауға мұқият қарағандары үшін ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл екі елдің халықтары арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік үшін негіз болатын дәнекер болып табылатын ортақ мұрағат.
Өз кезегінде Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігі Ленинград үшін болған қаһармандық шайқастың тарихына – 1941 жылдың маусым айынан 1944 жылдың тамызына дейін болған Ұлы Отан соғысының ең қиын және ұзақ шайқасына енгенін баса айтты. “Мұнда соғысқан және қаза тапқан сарбаздар өздерін ұлтқа бөлген жоқ, олардың бәрі туған жеріне қарамастан ортақ Отанын қорғады”, – деді аймақ басшысы.
Анықтама үшін:
Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов 1920 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Ленинград облысы, Синявино ауылындағы соғыс мемориалындағы көпшілік қабірге жерленген.
Бүгін, өзінің жұмыс сапары барысында Ермек Көшербаев “Петербург трактор зауыты” АҚ-да болды. Кәсіпорын директоры Сергей Серебряковпен кездесу барысында тараптар Қостанай трактор зауыты базасында энергия өндіруге бай “Кировец” тракторларын құрастыру туралы келісімді жүзеге асыру және қазақстандық тракторлардың өндірісін оқшаулаудың әрмен қарай орын алатын сатыларымен және көршілес елдерге экспорттауды талқылады.
Анықтама үшін:
Кәсіпорынның жобалық қуаты 2025 жылға қарай 50% дейін арттыра отырып, жылына 700 бірлік жабдықты құрайды (2020 жылдан бастап ішкі/сыртқы элементтердің пластмасса өндірісі, 2021 жылдан бастап – жоғары қысымды шлангтар, балласт салмақтары, 2025 жылдан бастап – кабина, цистерналар, тіреу рамасы, дискілер, кардан білігі, қарсы салмақтар және т.б.). Үш кезең бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаға жалпы инвестиция көлемі 7,3 млрд теңгені құрайды, өндірісте 500-ге жуық және сабақтас салаларда 700-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.