Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының сайлауына ТМД Миссиясының байқаушылары ретінде қатысу үшін Қазан қаласына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина бастаған қазақстандық делегация келді.
Сапар аясында делегация Қазан, Высокогорский және Спасск муниципалдық аудандарының сайлау учаскелеріне барды, сондай-ақ РФ Мемлекеттік Думасы депутаттарын сайлауда дауыс беру барысына арналған “Мой голос” сайлаушылар Форумына қатысты. Сонымен қатар, Мемлекеттік Кеңес төрағасының орынбасары – Юрий Камалтыновпен және Татарстан Республикасы ОСК төрағасы Андрей Кондратьевпен кездесулер өтті. Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов қатысты.
Екі жақ парламентаралық ынтымақтастықтың, өзара түсіністік пен өзара іс-қимылды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады, құқықтық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері қозғалды.