Ү.ж. 15 ақпанында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Е.Ысқақов Қазан федералдық университеті (бұдан әрі – ҚФУ) ректорының уақытша міндетін атқарушы Д.Таюрскиймен және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Т.Алишевпен кездесу өтті, аталған кездесу ҚФУ-дың Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығы шеңберіндегі республикалар арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудың жалғасы болды.
Сонымен қатар, ҚФУ Халықаралық қатынастар институтының (бұдан әрі – ХҚИ) қолдауымен Дипломатиялық қызметкердің онкүндігі аясында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығы “Орталық Азия дипломатиясы: жаңа көкжиектер (қауіпсіздік)” тақырыбында пікірталас өткізді.
Кездесуге ХҚИ студенттері, мұғалімдері мен сарапшылар: Р.Пенковцев – халықаралық қатынастар, Әлемдік саясат және Дипломатия кафедрасының доценті; Р.Давлетгильдеев, з.ғ.д., ҚФУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі; А.Большаков – ҚФУ Конфликтология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., модератор және UNIVER TV телеарнасының өкілдері қатысты