Қазан, 2022 жылғы 31 мамыр – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы ұлы түрколог, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлттық жазбалардың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлына арналған конференция ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, филология және мәдениетаралық коммуникация институтының (ҚФУ) жалпы тіл білімі және түркітану кафедрасының профессоры Альфия Юсупова https://kpfu.ru/philology-culture , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) https://www.kaznpu.kz/ru/ филология институтының аға оқытушысы Роза Бақбергенова, сондай-ақ ҚФУ және ҚазҰПУ студенттері, қазақстандық диаспора қатысты.
Конференция барысында қонақтар ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының қазақ және татар тілдеріндегі танымал шығармалары оқылып, орындалды.