Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкинмен кездесті.
Кездесуде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегі, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Дипломаттар одан әрі қызметтік байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.