Ижевск, 2023 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Удмурт Республикасы Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылған «Удмуртияда жасалған» форумының жұмысына қатысты.
Іс-шараға УР Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары О.Абрамова, «ШОБ корпорациясы» АҚ Бас директорының орынбасары А.Железняков, РФ Индустрия және сауда министрлігі сыртқы сауда саласындағы халықаралық корпорация және лицензиялау департаментінің директоры Р.Чекушов, «Ресей тірегі» Вице-президенті Н.Черкасова, сондай-ақ РФ қоғамдық-саяси, академиялық және іскер топтардың өкілдері қатысты.
Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Бас Консул Е.Ысқақов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілерін және Мемлекет басшысының «әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді ұсынды.
Дипломат өз сөзінде Президент Қ.-Ж.Тоқаев инвестицияларды, жоғары технологияларды тарту, өнеркәсіптік кооперацияны, ауыл шаруашылығын, транзиттік-логистикалық әлеуетті, IT және туризмді дамыту жолымен мықты экономика мен гүлденген қоғам құруға бағытталған реформалар айқындалған жаңа экономикалық бағыт туралы жариялағанын атап өтті.
Сол күні УР басшысы А.Бречаловпен, УР Басшысының кеңесшісі Д.Рябовпен, Ижевск қаласындағы РФ СІМ бөлімшесінің басшысы Г.Маннановамен, Удмурт СӨП Президенті С.Васильцовпен және т.б. кездесулер өтті.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалады және өзара мүдделі ынтымақтастықтың нақты жобалары бойынша пікір алмасты. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі пәрменді тетікке удмурт делегациясының 2023 жылғы 25-27 қыркүйекте «Иннопром.Қазақстан» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің жұмысына қатысуы, Ижевск қаласында Қазақстан Республикасының