Орал мемлекеттік экономикалық университетінде 2017 жылғы 18 – 21 сәуір аралығында жастардың «Евразиялық кеңістік: татукөршілік және стратегиялық серіктестік» атты Еуразиялық экономикалық форумы өтті.
Жастар форумына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Орал Мемлекеттік өрткеқарсы қызметі институтында білім алушы 2 курстың қазақстандық студенттері қатысып, студенттік жастар ұйымының ынтымақтастығы туралы арнайы баяндама жасап, ұлттық мәдениеттердің көрмесін және ұлттық коллективтердің концертін тамашалады. Концерттік бағдарламада Орал мемлекеттік университетінің студенті Раушан Бірімжанова өз өнерін паш етті.
«Еуразия-Қазақстан» атты Свердловск өңірінің қоғамдық ұйымы іс-шара қонақтарына қазақ халқының тұрмыс жәдігерлерімен және кітап өнімдерімен таныстырды.