Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрының әртістері Татарстанға аттанды.
Олар халықаралық театр фестиваліне қатысып, Шекспирдің “Ромео – Джулетта” пьесасын сахналайды. 40 жылдан астам тарихы бар жетісулық театрдың ұжымы республика көлеміндегі талай байқауларға қатысқан. Жүлде алған кездері де аз емес. Бұдан 15 жыл бұрын Түркияның Анталья қаласына барып, жергілікті жұртшылыққа Шекспирдің “Король Лир” шығармасын ұсынған еді.
Халықаралық фестивальдің орны қашан да биік. Сондықтан біз Татарстан жерінде өтетін өнер байқауына тыңғылықты әзірлікпен бара жатырмыз дейді талдықорғандық өнерпаздар.
Ғалия Темірбаева, Б.Римова атындағы облыстық театрдың директоры:
– 30 адаммен бара жатырмыз. Көбі жастар. Жастарды көрсетейік деп. Бір жағынан бұл енді біз үшін үлкен дода. Үлкен жарысқа бара жатырмыз.