Тұрақты Қарағанды-Новосібір рейсі 31 қазанда ашылмақ. Бұл туралы “Сары-Арқа” әуежайының әкімшілігі хабарлады.
Жаңа бағытты S7 ресейлік әуекомпания ашып жатыр. Ұшулар Embraer 170 жайлы әуелайнерімен сейсенбі және сенбі күндері жасалатын болады.
Жолаушыларға ыңғайлы түйісулер мен Ресей қалаларына, сондай-ақ Пекин, Бангкок және басқа да бағыттарға тиімді бағалар уәде етілді.