Қазан, 2023 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақовтың Қазан инновациялық университетінің ректоры Асия Тимирясовамен кездесуі өтті.
Тараптар елдер арасындағы ғылым мен білім саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту және дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстанмен әріптестік халықаралық қатынастарды дамытудың маңызды бағыты болып табылады және бұл мәселеде Татарстан Республикасы ерекше рөл атқарады.
Зерттеудің барлық критерийлері бойынша 2023 жылы КИУ Ресей Федерациясының ТОП-5 жеке жоғары оқу орындарына кірді. Қазан инновациялық университетінде Қазақстаннан 20-ға жуық студент оқиды, олардың арасында бакалавриат және магистратура студенттері бар. ЖОО көптеген жетекші университеттермен, соның ішінде Қазақстанмен ынтымақтасады және кең ауқымды бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге және нығайтуға ниетті.