Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Динара Щеглова бастаған қазақстандық делегация 2023 жылғы 18-19 мамырда “Ресей – Ислам әлемі: KazanForum” XIV Халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты.
Ү.ж. 18 мамырда Қазақстан делегациясы дөңгелек үстелдердің панельдік сессиялары мен отырыстарына қатысты, форум алаңдарында Татарстанның және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, қоғамдық және іскер топтарының өкілдерімен өзекті мәселелер бойынша екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар “Иннополис” арнайы экономикалық аймағына барды.
Ү.ж. 19 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Көлік министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сол күні ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов Язиль Муллахазиевтің Татарстанның “Татар Балы” ауыл шаруашылығы тұтыну жабдықтау-өткізу қайта өңдеу кооперативі мен қазақстандық ЖК Самат Күлчіков арасындағы экспорттық келісімшартқа қол қою рәсіміне қатысты.
Іс шара аясында сондай ақ Russia Halal market халал өнімдерінің көрмесі жәрмеңкесі, ИЫҰ (Ислам ынтымақтастық ұйымы) елдерінің жас дипломаттарының форумы, машина жасау кластерлік Форумы және Дүниежүзілік халал күні өтті. KazanSummit атынан 85 елден 15 мыңнан астам қатысушы және Ресейдің 84 субъектісі қатысты.
“Ресей – ислам әлемі: KazanForum” Халықаралық экономикалық форумы Татарстан астанасында 2009 жылдан бері өткізіліп келеді және Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарын нығайту алаңы болып табылады. Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен форум 2023 жылдан бастап федералды мәртебеге ие болды.