Уфа, 2024 жылғы 18-19 қазан – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов және Қазақстанның Уфадағы Құрметті консулы Семен Пилюгин құрамындағы қазақстандық делегация «Ресей – спорттық держава» атты XII халықаралық спорттық форумына қатысты.
«Ресей – спорттық держава» форумы аясында «ТМД, БРИКС, ШЫҰ және ЕАЭО кеңістігіндегі спорттық интеграция. Жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясы өтті. Дөңгелек үстел басында әртүрлі елдердің спорт министрлері кездесті.
Форумға қатысушылар елдің спорт саласына қатысты мәселелерді талқылады, оның ішінде елдердің арасында спорттық байланыстарды нығайту, сондай-ақ әлемдік және отандық спорттың аса маңызды аспектілерін, оның ішінде мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, спорттың инновациялық түрлері мен спортшыларды рухани тәрбиелеу мәселелері.
Іс-шара барысында Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрі Сергей Ковальчукпен және Каспий маңы мемлекеттері министрліктерінің басшыларымен кездесулер өтіп, онда уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы, халықаралық деңгейде жандандыру және спорттық іс-шаралар жоспарын жасау қажеттігі мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, Башқұртстан Республикасының Басшысы Радий Хабировпен кеңес өтті, онда форумға әлемнің түрлі елдерінен 20-дан астам спорт ведомствосының басшылары келгені атап өтілді. Қазақстан – бауырлас республика және Башқұртстанда өте жақсы қарым-қатынас қалыптасқан, қазақ серіктестерімен өзара іс-қимылды дамыту мәселелері үнемі талқыланып отырады. Башқұртстан спортшыларының Қазақстандағы Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей құрамасының қатысуы жарқын мысал болды. Басқа елдердің өкілдерін тарта отырып, Башқұртстан мен Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бірлескен халықаралық жарыстардың жобасын пысықтауы ұсынылды.
Биылғы жылдың қараша айының соңында Уфа қаласында маңызды оқиға болмақ. Ол Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының мерейтойлық XX Форумынының өткізуі. Іс-шараны ұйымдастырушылар оның күн тәртібін қалыптастыруда, оның ішінде спорттық және мәдени іс-шаралар да бар.