Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:
1. Консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды;
2. Консулдық округ аймағына уақытша келгендердi.
Шет елдердегi Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алудың мақсаты:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
2. Болу елдерiнiң заңдары, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттары, сондай-ақ халықаралық ғұрыптары ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да Қазақстан Республикасының заң актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау.
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Өтініш;
2. Толтырылған тіркеу карточкасы;
3. Бір сурет 3х4;
4. Төлқұжаттың 1-ші бетінің көшірмесі;
5. Ресейге тұрақты тұруға кетуге рұқсат көшірмесі (2015 ж.19 наурыздан бастап ҚР ІІМ Көші-қон қызметі басқармасымен берілген Хабарландыру);
6. Қазақстаннан мекен-жайдан кету парағының көшірмесі;
7. Ресейдегі тіркеу көшірмесі.
Уақытша консулдық есепке тұру үшін Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Өтініш;
2. Толтырылған тіркеу карточкасы;
3. Бір сурет 3х4;
4. Төлқұжаттың көшірмесі (басты бет);
5. Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
6. Ресейдегі тіркеу көшірмесі.
Ресей Федерациясының аумағына уақытша келген Қазақстан Республикасының азаматтары (оқуға, жұмысқа, туризммен, жеке сапармен және т.б.) тіркеу карточкасын толтырып, онлайн консулдық есепке тұра алады.