Қазан, 2024 жылғы 9 қараша – Абай облысының әкімі Нұрлан Оранхаев бастаған қазақстандық делегацияның Татарстан Республикасына сапары аясында Қазандағы Абай облысының мәдениет күндері өтті.
Делегация Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен, Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесі Төрағасының орынбасары Марат Ахметовпен, Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шамиль Агеевпен кездесулерге қатысты. Тараптар сауда-экономикалық қатынастардың жақсы қарқынын, өнеркәсіптік кооперациядағы бірлескен жобалардың табысты іске асырылуын және мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюын атап өтті.
Сонымен қатар, «Химград» технополисі, «Алабуга» ерекше экономикалық аймағы, Башир Рамеев атындағы IT-парк, «Эйдос-медицина» ЖШҚ және т.б. негізгі жұмыс бағыттарымен танысу ұйымдастырылды.
Аталған тақырып Қазақстан мен Ресейдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өткен форум барысында өзінің мазмұнды жалғасын тапты. Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшылығын және экономиканың басым салаларының, соның ішінде ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика, көлік, туризм және т.б. тартымдылығын атап өтті.
Форумда Абай облысы кәсіпорындарының экспорттық, инвестициялық және туристік әлеуеті мен Татарстанның кәсіпорындары таныстырылды. В2В кездесулері өтіп, іскерлік делегациялардың өзара сапарлары мен екіжақты сауда байланыстарын дамыту мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, «Бибігүл» халық аспаптар оркестрінің, эстрадалық-симфониялық оркестрдің концерті, сондай-ақ экспонаттар мұражайы қорынан экспонаттар көрмесі, қазақ тілін оқыту бойынша шеберлік сыныбы, айтыс ақындарының өнері және қазақ ұлттық тағамдарынан жасалған фуршет ұйымдастырылды.