Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов WHERE TO EAT сыйлығын дамыту жөніндегі директоры Андрей Смирновпен Қазақстанда алғаш рет халықаралық мейрамхана сыйлығын ұйымдастыру және оны өткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді.
Алматы қаласы әкімдігімен келген уағдаластыққа сәйкес, бұл сыйлық 2023 жылдың қыркүйегінде өткізіледі және тәуелсіз сараптамалық бағалау негізінде республиканың үздік мейрамханаларын қамтиды.
Халықаралық мейрамхана сыйлығы жыл сайын өткізіледі және әртүрлі номинациялар бойынша мейрамханалардың рейтингтерін анықтайды.