Қазақстанның бас қаласы Астана мен Алматы шаһары ТурСтат сараптамалық агенттігінің желтоқсанда және қаңтарда саяхаттауға қолайлы ТМД қалаларының ішінде ресейлік туристтерге танымал ондығының алғашқы бестігіне енді.
Жаңажылдық мерекелерде туристтерге танымал ТМД қалалары: 1) Минск (Беларусия); 2) Баку (Әзірбайжан); 3) Астана (Қазақстан); 4) Ереван (Армения); 5) Алматы (Қазақстан); 6) Ташкент (Өзбекстан); 7) Бішкек (Қырғызстан); 8) Кишинев (Молдова); 9) Душанбе (Тәжікстан); 10) Ашхабад (Туркменстан).
Бұл рейтинг туристтерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылды.
ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристтер орта есеппен алғанда 3-5 күнге келіп, жатар орынға тәулігіне 50-100 доллар жұмсайды.