Киров облысы Үкіметінің шақыруымен Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде өткен “Россия” халықаралық көрме-форумы аясында Киров облысы Күніне қатысты.
Киров облысының экономикалық даму министрі Наталья Кряжевамен кездесу өтті, кездесу аясында жақын арада облыс басшылығымен, іскер топтардың өкілдерімен және Қазақстан студенттерімен кездесулер ұйымдастырумен жұмыс сапарын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Киров облысы орман, химия өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытудың басым бағыты бар Ресейдің негізгі аймақтарының бірі болып саналады.
Сонымен қатар, Еділ федералды округінің әлеуеті таныстырылып, құрметті қонақтарға арналған стендтер бойынша экскурсия өткізілді.
“Ресей” Халықаралық көрме-форумы 2023 жылғы 4 қарашадан 2024 жылғы 12 сәуірге дейін Ресей субъектілері экономикасының әртүрлі салаларындағы маңызды жетістіктерді көрсету және Ресей Федерациясының одан әрі халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу мақсатында өтеді.