Бүгін өз азаматтық борышын Мәскеуде тұратын қазақстандық мәдениет қайраткерлері де орындады. Олардың сөзінше, олар өз елі мен халықының болашағы үшін дауыс берді.
“Қазақстанның 100 жаңа есімі” тізіміне енген атақты әнші Әлібек Әлмадиев алғаш рет сайлауда дауыс берген соң бүгінгі күнді өз өміріндегі маңызды күн деп есептейді.
“Келмеске болмас еді, себебі бұл таңдау еліміздің әр азаматына қатысы бар,- деп мойындады әнші. – Ө азаматтық борышымды білдіре алғаныма қуаныштымын. Сайлау еліміздің болашағына әсерін тигізеді. Бастысы – әріптесе жұмыс істеу, өз ісіңмен айналысу, өз орныңда жұмыс істеу”.
“Мен әртіс ретінде ән айта келе, еліміздің шетелдегі имиджін қалыптастыруға ұлес қосамын деп сенемін. Құрманғазы оркестрінің сүйемелдеуімен мамырдың басында Мәскеу және Санкт-Петербургте өнер көрсете алғаныма ризамын”, – деді Әлібек Әлмадиев.