Мұндай тәртіп Ресей Федерациясы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі N 963-ө өкімімен қарастырылған (сілтемені қараңыз).
Енді Қазақстан азаматтары Ресейге тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірген барлық елдердің рейстерімен ешқандай кедергісіз ұшып келе алады.
Қазіргі уақытта Ресей келесі елдермен тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асырады: Қазақстан, Ұлыбритания (2021 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылды), Танзания (белгісіз мерзімге тоқтатылды), Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшел аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР азаматтары Қазақстаннан Ресейге тікелей әуе рейстерімен ғана кедергісіз ұшып келе алатын, үшінші елдер арқылы ұшып келу осы елдерде тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін болған. Қазіргі уақытта бұл тәртіп тек Беларуссияға қатысты сақталып отыр, яғни Қазақстан Республикасының азаматтары Белоруссияда тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана Ресейге ұшып келе алады.
Сондай-ақ, Ресейге кіру кезінде шетелдік азаматтарға шекарадан өткенге дейін кемінде 72 сағат бұрын берілген ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама қажет екенін хабарлаймыз.