Алдын ала деректер бойынша, 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағы мемлекеттерімен сауда айналымы 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4% өсіп, 2 млрд 797,3 млн АҚШ долларын құрады, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлайды.
Атап айтқанда, есепті кезеңде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне шығарған экспортының көлемі ақшаға шаққанда 850,3 млн доллар (былтырғы қаңтар-ақпан айларына қарағанда 5,8% аз), импорт көлемі – 1 млрд 947 млн доллар (+3,4%) болды.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен жасаған сыртқы сауда айналымының 92,9%-ы Ресей Федерациясының үлесіне тура келеді. Қырғыз Республикасымен жасалған сауда айналымы жалпы көрсеткіштің – 4,1%-ын құрайды, тағы 2,9% Беларусь Республикасына, 0,1%-ы Армения Республикасына тура келеді.