2018 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 15520,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,2%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.
Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда
4796,4 млн. АҚШ доллары (11,1%-ға өсті), импорт – 10723,6 млн. АҚШ доллары (5,6%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.