Бүгінгі сайлауға елдің қоғамдық-саяси күштерін толық ұсынған 7 кандидат қатысуда. Өз сайлау кампанияларын жүргізуге ешқандай шектеу қойылмаған түрлі сипаттағы үміткерлердің санын ескере отырып, бұл сайлау посткеңестік кеңістік тарихына ең ашық сайлаудың қатарында болатыны сөзсіз.
“Еркіндік қанаты” қоғамдық қорынан бақылаушы Евгения Вербицкая сайлаушылар белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтті.
“Дауыс бері белсенді өтуде. Таңғы 7-де сайлау белсенділігі байқалды. Қазіргі уақытта дауыс беру барысы бойынша ескертпелер жоқ. Елшіліктегі учаске жұмысының жоғары ұйымдастырылғанын атап өту қажет. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі және көру мүшелері бұзылған адамдар үшін ыңғайлы жағдай қарастырылған”.