Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өлімнiн 75 жыл толуына арналған кеш өтті.
Бұл шара Мәскеу қаласының “Әлия Молдағұлова атындағы №402 гимназия” мемлекеттік бюджеттік білім мекемесімен бірлесіп өткізілді.
Кеш қонақтары Мәскеу қаласының орта мектептері оқушылары, соғыс және еңбек ардагерлері, мәскеулік жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық студенттер болды.
Олар оқушылардың салтанатты түрде сапқа тұруына қатысып, одан кейін бюсттіне гүл шоқтарын қойды. Мектеп оқушылары қонақтарға мерекелік концерт қойды, одан кейін мектептердегі Әлия Молдағұлова мұражайында экскурсия өткізілді.