ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли РФ Президентінің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырған Дмитрий Песковтың індеттен тезірек жазылып кетуін тіледі.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-дегі парақшасында жазды.
“Әріптесім, Ресей Федерациясы Президентінің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың тезірек сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспін. Сіздің бұл сырқатты жеңіп, қызметіңізге және күнделікті тіршілігіңізге жақын арада оралатыныңызға сенімдімін”, – деді Берік Уәли.